Полицияның хабарлауынша, 19 желтоқсанда Көкшетау қаласының полиция басқармасына 39 жастағы тұрғыннан арыз түскен. Оның айтуынша, 17 желтоқсанда белгісіз біреулер оны соққыға жығып, телефонын ұрлап кеткен
Шығын көлемі 50 мың теңгені құрады.
Ер адамның айтуынша, сол күні жұмыстан шыққан соң такси тоқтатқан. Содан кейін көлік ішінде отырған екі адаммен танысқан.
Жаңадан танысқан екі адам қонаққа бара жатқан. Осылайша, жаңа танысқан адамға бірге баруды ұсынған. Отырып ішімдік ішкен соң жәбірленуші мен күдікті арасында жанжал туады. Нәтижесінде олар арыз берушіні ұрып, тонап кеткен.
Ер адам полицияға есін жиған соң келді. Ол өзінің жаңа таныстары туралы ештеңе білмейді, олармен қай жерде отырғаны да есінде емес.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция Көкшетау қаласының 23-41 жас аралығындағы үш тұрғынын анықтады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігі (тонау) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.
Күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.