Әйтсе де, облыс полицейлері мен төтенше жағдай қызметінің мамандары «Пиротехника-2020» шарасын бастап кетті. Құтқарушылар мен полицейлер көпшілікке пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау, сату және пайдалану ережелерін түсіндіруде. Тәртіп сақшылары пиротехниканы сату орындарында рейдтік шаралар жүргіе бастады.
Қалалық полиция басқармасының бөлім бастығы Елена Семиволованың айтуынша, облыс тұрғындары сертификатталған өнімдерді мамандандырылған дүкендерден немесе арнайы бөлінген жерлерден сатып алуы қажет. Петардаларда, бенгал оттары мен от шашқыштардың нұсқаулықтарында оларды пайдалану барысында сақталуы тиіс арақашықтық мөлшері жазылуы тиіс.
Сағат 23-тен кейін отшашу атылған жағдайда азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Полицейлер тұрғындарға аймақта эпидемиялық жағдайға байланысты бұқаралық шараларға тыйым салынғанын ескертті.
Қостанай облысы