06 Желтоқсан, 2013

Алматыдағы неке сарайы қызметкерлері ісіне нүкте қойылмады

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06 12-tengeАлматы қаласындағы «Жас Отау» неке сарайының директорына, есепшісі мен бас маманына қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Оларға «157 миллион теңгені жымқырды» деген айып тағылған еді. Аталған іске нүкте қойылуы керек болатын. Сотқа келген бұрынғы есепші Назым Мамырханованың қорғаушысы тергеу барысында қаржы полициясының қызметкерлері шығын көлемін болжаммен ғана анықтады деп отыр. «Жас отау» неке сарайының қызметкерлері 2010-2012 жылдар аралығында 2 мыңнан аса жұптың неке қию қаржысын қалтаға басқан көрінеді. «Алайда, ол уақыт аралығында қанша отбасы шаңырақ көтергені тексерілмеді», - дейді қорғаушының бірі. Ал соңғы жүргізілген сараптамада неке сарайынан 157 млн.емес, 16 млн. теңгенің жоғалғаны көрсетілген. Естеріңізде болса, өткен жылдың қазанында қаржы полициясы «Жас отау» неке сарайының қызметкерлеріне «қаржы жымқырды" деген айып тағып, қылмыстық іс қозғаған болатын. «Айыптаушы тарап сот процесіне куәгерлерді қатыстырды. Олардың барлығы тыңдалды. Барлығы айыпталып отырғандарға қарсы еш нәрсе айтпады. Олар ақшаларын тек кассаға ғана өткізген. Біз енді заңды шешімді күтеміз»,-дейді Н.Мамырханованың қорғаушысы Аян Кәрімханов.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Астана» телеарнасы

Соңғы жаңалықтар