Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020

Шет ауданында «Сағат» стелласы орнатылды

893 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы кентінде «Сағат» стелласы орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шет ауданында «Сағат» стелласы орнатылды

Уақыттың өлшеміне арналған  ескерткіш Дербісалы батыр, Сәкен Сейфуллин және Әбікен Хасенов атындағы көшелердің қиылысынан орын тепті.

Осы оқиғаға арналған саланатты рәсімде аудан әкімі Мұхит Мұхтаров пен ауыл ақсақалы Бекежан Хамзин стелланың лентасын кесті. Аудандық мәслихаттың хатшысы Бәкен Төлеуқұлов, белгілі жазушы Кәмел Жүністегі және ауыл ақсақалы Исақ Жолғұтты қуанышқа құтты болсын айтып, аудан тұрғындарына арнаған ақ тілектерін ақтарды.

1

Биіктігі 10 метр болатын алып сағат ескерткіші үш көшенің қиылысына тегін орнатылмаған. Бұл жерге аудан тұрғындары көптен бері айналма жол салу керектігін айтып жүрген екен. Міне енді, түнде жарық шашатын «Сағат» стелласы уақытты ғана көрсетіп қоймай, ел тілегіне орай салынған айналма жолдың ортасында үш тарапқа жөн сілтеп, жол-көлік қозғалысының ретті болуына да игі ықпалын тигізетін болды.

«Санаулы күндерден кейін 2021 жылды қарсы аламыз. Яғни, алдағы жылы Тәуелсіздігімізді алғанымызға 30 жыл толады. «Сағат» стелласы Ұлық мерекенің осынау мерейтойына арналып орнатылды. Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің өткені мен бүгінінің және болашағының арасындағы берік дәнекері, уақыттың  өлшемі ретіндегі ескерткіштің тәрбиелік мәні зор деп санаймын», – дейді Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров.