Көлгіновтің айтуынша, мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ке өседі. Сондай-ақ, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша да шаралар қабылданып жатыр.
«Мұғалімдер білім сапасын ғана ойлауы үшін оқу орындарын жүйелі түрде салу керек. Биыл мектеп құрылысы қарқынының артуына байланысты үш ауысымды мектептер санын 8-ден 4-ке дейін, толы режимдегі мектептерді 22-ден 14-ке дейін азайта алдық», деп жазды қала әкімі.
Сонымен қатар 5 жыл кезеңге арналған кешенді жоспар аясында 50 мемлекеттік мектеп құрылысы жоспарланып отыр.
Ұстаздардың баспана жағдайын шешу үшін де шаралар қабылданады.
«Мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдады. Биылғы 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өсті, алдағы жылдары да еңбекақы артады. Тұрғын үй сертификаттары тегін беріледі. Қазақстан ипотека компаниясымен бірлесіп, бір мың әлеуметтік пәтер тапсырамыз. Оларды алушылар қатарында білім саласының мамандары да бар. 2019 жылы мұғалімдерге жатақхана салып бердік», деді ол.
Әкімнің айтуынша, «Мұғалім» мамандығы бойынша гранттар санын көбейді, тегін білімге шамамен 900 грант бөлінді.