Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2020

Қазақстанға шетелден 1759 әуе жолаушысы келді

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 10 халықаралық әуе рейсі келді.

Қазақстанға шетелден 1759 әуе жолаушысы келді

1 759 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 610 адам, анықтамасыз 149 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

 Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 381 жолаушы, анықтамамен - 1 239, анықтамасыз - 142;
 Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 378 жолаушы, анықтамамен - 371; анықтамасыз - 7.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 21 желтоқсанда анықтамасыз келген барлық 78 ҚР азаматтарының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.