Әлем • 23 Желтоқсан, 2020

Әмірліктер қоры Түркістанда «Ана мен бала орталығын» салады

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әбу Даби қаласында ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Халифа бен Заид Әл Нахаян қайырымдылық қорының Бас директоры Мұхаммед Хаджи әл-Хуридің кездесуі өтті.  

Әмірліктер қоры Түркістанда «Ана мен бала орталығын» салады

Кездесу барысында тараптар екіжақты гуманитарлық ынтымақтастықтың даму мәселелерін талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Әкімдік пен Қайырымдылық қоры арасында Түркістан қаласында шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы «Ана мен бала орталығын» жобалау және салу бойынша өзара түсіністік Меморандумына қол қойылды.

Қайырымдылық жобасы жергілікті денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға бағытталған және Әмірліктер қорының медициналық мекемені салуды және барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуді қаржыландыруын көздейді.

Гуманитарлық грантты бөлу екіжақты достық қатынастардың және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян арасындағы қол жеткізілген уағдалыстықтардың арқасында мүмкін болды.

Түркістан облысының әкімдігі нысанды тұрғызу үшін қала орталығында қажетті жер учаскесін бөледі және оны барлық инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді.

Тараптар балалар ауруханасының құрылысын жақын арада бастау ниеті мен жоспарын растады.