Экономика • 23 Желтоқсан, 2020

Ұлттық банк айырбастау қажет банкноттарға қатысты мәлімдеме жасады

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды айырбастау, қабылдау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк айырбастау қажет банкноттарға қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, көп жағдайда егде жастағы кісілер әртүрлі себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген.

Ұлттық Банктің өкілі банкноттардың жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана айырбасталатынын хабарлады. Олардың мекен-жайы мен байланыс телефоны туралы ақпарат Ұлттық Банктің сайтында орналасқан.

2021 жылдың 1 ақпанынан кейін ол банкноттарды айырбастау тоқтатылады.

 

Соңғы жаңалықтар