3 немере тәрбиелеп отырған қала тұрғыны Нұржамал Қашақованың биыл жолдасы қайтыс болып, кіріптар болып қалған. Ауыр жағдайға тап болған әйел жергілікті мектептен көмек сұрапты. Оқу орнындағы мұғалімдер қиын жағдайға душар болған ананың өтінішін арқалап полиция қызметкерлеріне барған.
Полиция қызметкерлері мұқтаж отбасының ауласына үш тонна көмір түсіріп берді. Қиын кезде қол ұшын созған тәртіп сақшыларына ризашылық білдірген Нұржамал Қашақова: «ІІМ басшылығына, біздің полицейлерге көрсеткен көмегі үшін, жағдайымды айтып алдына барғанымда немқұрайы қарамағаны үшін үлкен алғысымды білдіремін, дейді Нұржамал Қашақова.
Қостанай облысы