Сараптама нәтижесі қарудың атуға жарамды екенін анықтады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы қолданылды. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізуде. Соның ішінде «алтыатардың» басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Солтүстік Қазақстан облысы