Ер адамның жоғалғаны туралы хабар төтенше жағдайлар департаментіне 21 желтоқсанда сағат 15:55-те түскен. Содан бері жоғалған адамның қайда екені белгісіз болып отыр.
«Шортанбай ауылындағы жұмысынан шыққан 60 жастағы азамат Көптоғай ауылына бармақ болған. Бірақ үйіне жетпей жоғалып кеткен», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Оны іздеуге Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудандық полиция бөлімі мен Шортанбай, Көптоғай ауылдық округтерінің қызметкерлері, сондай-ақ, жергілікті тұрғындардан 65 адам жұмылдырылды.