Сондықтан денсаулықты күту – ең әуелгі міндетіміз. Елімізде 18 млн-нан астам адам бар. Орташа өмір сүру жасы ерлерде – 57 жыл, әйелдерде – 72 жыл. Мұның басты себептері жүрек-қан тамырлары аурулары, онкологиялық өкпе ауруы, наркомандар, күйзеліске ұшырағандар, салауатты өмір салтының ережелерін сақтамағандар, суицид болып отыр.
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы еліміздегі эпидемиялық жағдайға байланысты өз оқырмандарымен онлайн режімінде байланысын үзген емес. Оқырман қауымға қажетті мәліметтерін, керекті деректерін онлайн шаралар арқылы жүйелі түрде өткізіп отырады. Жуырда кітапханада «Жарақаттың алдын алу шаралары» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараны өткізудегі мақсат – жасөспірімдерді жарақат алған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің негізгі әдіс-тәсілдерімен таныстыру, адамгершілік қасиет қалыптастыру, жарақаттануды болдырмау, алғашқы көмек көрсете білуге үйрету, еңбекке баулу, ең бастысы, денсаулыққа бей-жай қарамауға шақыру.
Іс-шара тақырыбына сай денсаулыққа және абайсызда болатын жарақатқа байланысты көптеген мәлімет берілді. Жарақаттану тек балалар мен жасөспірімдерге ғана емес, барлық жастағы адамдарға тән. Жыл сайын әлемде әртүрлі жарақаттардың салдарынан 5 млн адам көз жұмады. Бұл шамамен жалпы өлім санының 9 пайызын құрайды екен. Әсіресе жарақат жаз, қыс айларында көптеп кездеседі. Іс-шара барысында тікелей эфирден тамашалап отырған оқырмандар жарақаттанудың барлық түрлерінің алдын алу шаралары туралы ақпараттандырылды. Сонымен қатар жарақаттанудың күйік, үсік, сынық, улану, қан кету сияқты түрлеріне тоқталып, жарақат алған жағдайда зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету жолдарымен танысты. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Кітапхана қорындағы денсаулық, жарақаттың алдын алу, алғашқы көмек туралы кітаптар мен бейнесюжет көрсетілді.
Шырайлым ҚҰДАСОВА,
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері
АҚТӨБЕ