Оңтүстік Қазақстан • 05 Қаңтар, 2021

Шымкентке 3 жылда 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы аяқталып, шаһарда бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Негізгі стратегиялық құжаты болып саналатын бағдарламаның мақсаты – қала экономикасын қарқынды дамытып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентке 3 жылда 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды

Даму бағдарламасы белгіленген басымдықтар бойынша іске асырылды. Атап айтқанда, өнеркәсіп саласында 2018-2020 жылдары құны 661,1 млрд теңгеге 52 жоба іске асырылып, салада 2398 жұмыс орындары ашылды. Өндірістік инфрақұрылымы бар 3 аймақта инвестиция көлемі 229,7 млрд теңге, 10 мыңнан астам жұмыс орнымен 170 жоба жүзеге асып жатыр.

Ауыл шаруашылығы саласында 2018-2020 жылдары 8,3 млрд теңгеге 21 жоба іске асып, 453 жұмыс орны ашылды. Жылыжайлар көлемі 9,2 гектардан 20,9 гектарға дейін ұлғайып, қарқынды бау аумағы 195 гектарға жеткізілді. Мемлекет тарапынан 6,5 млрд теңгеге 583 шаруашылыққа қолдау жасалды. Осы мерзімде 307 млн АҚШ долларына ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды.

Қала экономикасына 3 жылда 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның ішінде 80 пайызы – жеке қаражат есебіндегі инвестициялар, мемлекеттік бюджетке жүктеме азайып отыр. Сауда саласында нысандар саны 2018 жылмен салыстырғанда 2058 бірлікке көбейіп, қазір 4321 сауда нысаны жұмыс істейді.

Қаладағы 8 базар жаңғыртудан өтті. Мемлекет тарапынан 3 жылда 21,8 млрд.теңге көлемінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі