Биыл Қостанай облысында жалпы құны 11,5 млн теңге болатын 69 цифрлы жоба жүзеге асырылды. Мәселен, «Баян сұлу» фабрикасында вафельді кәмпиттер мен шоколадты батондар шығаратын автоматтандырылған өндірістік желі іске қосылды. Ал «Жас Қанат 2006» құс фабрикасы жем дайындайтын және жұмыртқа таситын құрылғыларын жаңғыртты.
Ақпараттандыру басқармасы басшысының айтуынша, аймақта созылып бара жатқан пандемияға байланысты шағын және орта бизнестің де электронды саудаға жүгінуі жиілеген.
«Облыстық әкімдік қазір фулфилмент орталығын іске қосуды қарастырып жатыр. Бұл орталық іске қосылса, пошталық жөнелтілімдердің көлемі артып, тауарларды жеткізу мерзімі қысқарады. Биыл «Қазпоштаның» облыстық филиалы франчайзинг нүктелерінің есебінен 25 қосымша бөлімше ашты. Электронды сауданы дамыту бойынша онлайн бақылау-кассалық машиналарын енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде 35 мың кассалық машина онлайн режімде жұмыс істейді», деді облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архив басқармасының басшысы Азамат Қашиев.
Мұның сыртында, бүгінде Қостанай облысында виртуалды түрде жұмыс істеп жатқан 167 бизнес нысаны тіркелген.
Қостанай облысы