Қоғам • 06 Қаңтар, 2021

Жетісу ауданында қандай әлеуметтік нысандар салынуда?

158 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Кемел» шағын ауданында жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу туралы шешім қабылданғандығы туралы ақпарат беріп, қазіргі уақытта күніне 200 келушіге арналған амбулатория құрылысының жоспары әзірленгендігін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу ауданында қандай әлеуметтік нысандар салынуда?

Аудан басшысының айтуынша, биылғы жылы сонымен бірге №11 емхана ғимаратын күрделі жөндеумен сейсмикалық нығайту жүргізіледі. Осыған орай ЖСҚ әзірленіп, биыл осы екі нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау жоспарлануда. Сондай-ақ қазіргі уақытта бір ауысымда 240 адам қабылдайтын емхана салу үшін жобалық құжаттаманы әзірленуде. Ал Көкмайса шағын ауданының тұрғындарына ыңғайлы болу үшін медициналық пункті ашылған. Онда тұрғындар МӘМС және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде базалық медициналық қызметтерді ала алады.

Білім беру нысандарын ашуға байланысты 300 орындық №57, 150 орындық №102, 600 орындық №177 мектептерге жапсарлас құрылыстар жүргізілуде. Бұл мектептердегі жапсарлас құрылысты аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйегіне жоспарланып отыр. Сонымен қатар, №43 мектептің асханасына жапсарлас құрылыс салу және №80 және №129 мектептерде сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда (ЖСҚ әзірленген).

Қажеттілікке байланысты қала әкімі №103, 112, 148, 101 мектептерге жапсарлас құрылыстар салу үшін ЖСҚ әзірлеу жөніндегі ұсынысқа қолдау білдірген. Қазіргі кезде жобалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары биыл басталады. Бұдан бөлек, Айнабұлақ-4 ш/а орналасқан қараусыз қалған балабақшаның орнына 160 орындық жаңа балабақша салынады. ЖСҚ мемлекеттік сараптаманың қарауында жатыр. Сондай-ақ, Алматы Автомеханикалық колледжінің студенттері үшін 350 орындық жатақхана құрылысын бастау жоспарлануда.