Аймақтар • 06 Қаңтар, 2021

Қостанайда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласында  9-қаңтар күні ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, биылғы жылы алғаш рет ұйымдастырылып отырған ірі жәрмеңкеге облыстағы ауылшаруашылық тауарларын өндіруші кәсіпорындар түгелге жуық қатысады. Қостанайдағы Сити-орталықта таңғы сағат 9:00-де басталатын жәрмеңкеде жаппай сатылымға шығарылатын өнімдер нарықтағы бағадан 15-20% арзанға саудаланбақ.