Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бас басылымы «Егеменде» жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын: «Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс» деп аяқтапты.

Жоғарыда Президентіміз айтқандай, адам баласы үшін аса қымбат дүние – тәуелсіздік. Осы бір саяси ұғымның шарттарын әлем социологтері саяси һәм әлеуметтік тұрғыдан бес тірекке жіктепті. Атап айтсақ:
- Әкімшілік-басқару тәуелсіздігі;
- Атамекен – территориялық тәуелсіздік;
- Ата-баба қанымен жалғасқан гендік тәуелсіздік;
- Тұрмыстық (экономикалық) тәуелсіздік;
- Рухани тәуелсіздік.
Әкімшілік-басқару тәуелсіздігінің ұстыны: армия, күштік құрылымдар. Бұлар мемлекетті сыртқы және ішкі жаудан қорғайды. Сонымен қатар елдің ішкі шаруасын реттеуші мемлекеттік қызметкерлерді де осы топқа жатқызыпты. Ағылшын әлеуметтанушысы Энтони Гидденстің тұжырымына жүгінсек, шенеуніктердің адалдығы мен кәсібилігі ұлыс тұрақтылығының кепілі.
Екінші – атамекен тәуелсіздігінің тірегі – ұлағатты ұрпақ. «Қара қазан, сары баланың қамы үшін қылыш сермедік...» деп Махамбет бабамыз айтқандай, аталарымыз Ұлы даланы ұрпағы үшін қорғап, оларға аманат еткен. Қасым-Жомарт Кемелұлы жоғарыдағы мақаласында: «Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу» дегені бабалар арманымен үндесіп жатыр.
Тәуелсіздіктің үшінші тірегі – ата-баба қанымен жалғасқан гендік тәуелсіздік. Оның ұстыны – әйел-ананың таза құрсағы. Ұлы ойшыл-қаламгер Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегені осы.
Төртінші тірек – тұрмыстық (экономикалық) тәуелсіздік. Оның ұстыны – еңбекшіл бұқара. Бесінші рухани тәуелсіздіктің ұстыны – оқымысты-ағартушы ғалымдар һәм тіл мен дін бірлігі. Осы бес ұстын қолдың бес саласындай жетілген жағдайда сол қауым қуатты ұлысқа айналады.
Ал қауым қуатының өлшемі – әскери-күштік құрылым, дипломатиялық мәміле, экономикалық әлеует, ақпараттық басымдық. Сол сияқты жоғарыда айтқанымыздай, территориясы (атамекені), халқы (жер иесі), билігі (әкімшілік басқару жүйесі) болмайынша ол ел жеке Ұлыс болып есептелмейді.
Ұлыс дегеніміз – көшпенділер ұғымында – ұлт. Яғни ұлт ретінде толық қалыптасқан қауым ғана ұлысқа айналады. Осыны саяси тілімен тәпсірлесек, ұлыс деп – тәуелсіздігі бар, яғни жеке мемлекет ретінде әлем қауымдастығы мойындаған, одан кейін – тоқтамды территория қалыптасқан, шекара сызығы халықаралық заңмен бекітілген, экономикасы, мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі тағы басқа қажеттіліктер жиынтығы бір мақсатқа тұтасқан қауымды айтады.
Қазіргі таңда дүние жүзінде 230-ге жуық ұлыс немесе мемлекет бар. Әлем социологтерінің пайымдауынша олар: супер державалар (АҚШ, РФ, Қытай), мәдени-экономикалық тұрғыдан кемел елдер, өркениетке ұмтылушы мемлекеттер, дамудың тұрақты сатысына қол жеткізген республикалар, экономикалық тұрғыдан отар елдер, болашағы бұлыңғыр қауым тағы басқа қаралуда. Мысалы, АҚШ әкімшілік, тұрмыстық тұрғыдан толық тәуелсіз ел есебінде болса, Қытай әлемдегі гендік тұтастығы берік бірден бір ұлыс.
Ал біз ше? Ақын Қадыр Мырзалиев айтқандай:
Ұл болып, содан құл болып,
Біраз жыл естен таныппыз,
Құл болып, одан гүл болып,
Қайтадан өнген халықпыз.
Сөз түйіні ретінде айтарымыз: «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз. Енді Алашты ешкімнің, қорлығына бермейміз!» деп өткен ғасыр басында қайраткер ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, бүгінгі қол жеткізген тәуелсіздігіміз баянды болып, «Азаттық пен тыныштық, көксегенім» деп Абай атамыз айтқандай, Алла Алашты азаттығынан айырмасын!
Өнер • Бүгін, 07:52
Теңсіздікті жоюдың тиімді тәсілі
Саясат • Бүгін, 07:50
Руханият • Бүгін, 07:47
Қазақстан коронавирусқа қарсы Қытай вакцинасын сатып ала ма
Қазақстан • Кеше
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Қарағандылық тележурналист Қасымның кинодағы рөлін сомдады
Аймақтар • Кеше
Әріптестік әлеуеті жеміс беруде
Аймақтар • Кеше
Мамыраев атындағы әскери-техникалық мектеп үздік атанды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда E-Commerce орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
3 мың еріктіге QazCovid-in вакцинасы егілді
Қоғам • Кеше
Қазақстандықтарды вакцинациялау мерзімі белгілі болды
Қазақстан • Кеше
«Menin Armanym» жүректерге жылу сыйлайды
Руханият • Кеше
Аудан әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді
Аймақтар • Кеше
Оқушылар қоқыс жинайтын робот құрастырды
Аймақтар • Кеше
Марат Шоранов халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау тәртібін түсіндірді
Коронавирус • Кеше
Алматыда балмұздақ байқауы өтті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Қайсар» Түркияда жолдастық кездесулер өткізеді
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс ратификациялық заң жобаларын мақұлдады
Парламент • Кеше
Елордада мектеп оқушылары робототехникамен айналысады
Аймақтар • Кеше
Қазақстан Чехия нарығына 45-тен астам өнім түрін жеткізе алады
Экономика • Кеше
Таразда жасырын ойын орны анықталды
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысының үздік полицейлері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясына қабылданды
Қазақстан • Кеше
Ақпараттық-ағарту штабының жұмысы – ашықтықты талап етеді
Қазақстан • Кеше
Отандық төсек-орын өнімдері АҚШ пен Канадаға экспортталды
Экономика • Кеше
Видео • Кеше
Франция елшісі Қазақстандағы діни сенім бостандығына баға берді
Қазақстан • Кеше
Атырауда фитнес орталықтан ақша ұрлаған әйел ұсталды
Аймақтар • Кеше
«Қайрат» қақпашысы әлемдік рекорд жаңартты
Футбол • Кеше
iPhone 12 денсаулыққа зиян деп танылды
Технология • Кеше
Жаңа Lada Niva көлігі құрастырылуы мүмкін
Технология • Кеше
Түркістанда 100 адамның басын қосып, көкпар берген
Аймақтар • Кеше
Теміртауда қарияға қысым көрсеткен күдікті табылды
Оқиға • Кеше
Семейде екі автобус жол апатына түсті
Аймақтар • Кеше
Ордабасы ауданында 379 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ-ға алғашқы күні 10 мыңнан астам өтінім берілді
Қоғам • Кеше
Атырауда түрмеге телефон өткізбек болғандар қамалды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 5 мыңға жуық отбасы инфрақұрылым жүйесімен қамтылады
Аймақтар • Кеше
«SHYMKENT» ӘКК» 30 инвестициялық жобаны жүзеге асырады
Аймақтар • Кеше
Атыраудағы стационарларда 1 миллионға жуық дәрілік зат бар
Аймақтар • Кеше
Құдыққа құлаған құнанды құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Арыста жоғалған бір үйір жылқы табылды
Аймақтар • Кеше
Германия шаруалары трактормен шеруге шықты
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар