Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы елім, жұртым деген жұрттың көңілінен шықты деп ойлаймын. Жаңа жылдық құттықтауында Мемлекет басшысы «елімізді аспен де, таспен де қорғаймыз» деген болатын.

Қазақ Қазақтың атамекенінде отыр! Біз ешкімнен жерді сыйға алған жоқпыз! Дәлел жеткілікті.
«Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді», деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Батыл байлам! Ұққан адамға – аталы сөз!
Біздің осы уақытқа дейін бір олқы тұсымыз – Қазақстан тарихын тұтас қамтып жаза алмағанымыз. Президент осы мәселені де тап басып айтыпты.
«Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды дереу бастау керек. Бұл іске беделді тарихшыларымызды тарту қажет. Сонымен қатар шетел аудиториясына арналған Қазақстанның қысқаша тарихын жазып, әлемнің негізгі тілдеріне аударуды ұсынамын. Бұл – қазақтың сан ғасырлық шынайы тарихын әлемге танытудың бірден-бір жолы», деп жазады Президент.
Осы ретте өте білікті жас тарихшыларды әлемнің әр шалғайына аттандырып, арнайы Қазақ тарихын зерттеу мен зерделеу ісіне көңіл бөлу керек. Әсіресе, ағылшын, араб, қытай, үнді, парсы және Еуропа елдерінің тілін жақсы білетін жастардан мақсатты топ құрып, шетел архивтерін үңгіп зерттеу керек.
Тарихымызды дұрыстап алу – мемлекеттік мәселе. Ұлттық сана тарихы сананы жаңғыртудан бастау алады. Осыны ескеру керек.
Осы ретте тарихи фильмдер түсіру арқылы ұлттың жадын жаңғыртуға жол ашылады. Ұлтымыз талай «тар жол, тайғақ кешуден» өтті. Қазақтың көрмеген қиындығы, тартпаған тақсыреті жоқ. Мемлекет басшысы қырғыздың «Құрманжан датқа» фильмі туралы текке айтып отырмаған болар. Президент елдік пен мемлекеттілікті санаға сіңіру үшін бізге тарихи фильмдердің қажет екендігін айтты. Тарихи тақырыпқа арнап түсірілген алты-жеті-ақ фильм қай жыртыққа жамау болады? Президент тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігі міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағытталатын болады. Бұл – өте жақсы ұсыныс!
Тіл – Тәуелсіздік тұғыры! Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің бір атрибуты! Осыны ескерген Президент барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарға үндеу тастады. «Жастар ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді», деді Президент.
Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Былайша алсақ, аз уақыт емес. Өзіміздің әлсіз тұстарымызды өзіміз білеміз. Тезірек олқының орнын толтырмақ керек.
Тәуелсіздік – ұлттың бағы! Қазақ үшін бәрінен қымбат ұғым! Президенттің мақаласында елдік мұрат анық айқындалған. Назар аударатын, мән беретін мемлекеттік мәселелер баршылық.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы «Тәуелсіздікті жыл санап, ай санап, апта санап, күн санап, сағат санап шегелей беру керек» деген еді бір сұхбатында.
Бізге тегеурінді іс керек. Талап керек. Тағат керек. Мақаладан ойға түйген нәрсе көп. Есті азаматтар елдіктің жолында елдің арбасын алға қарай бірге тартады деп есептеймін.
Нұртөре ЖҮСІП,
Сенат депутаты
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • Кеше
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • Кеше
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • Кеше
Тағайындау • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • Кеше
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • Кеше
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды
Аймақтар • Кеше
Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі конкурс жариялады
Қазақстан • Кеше
Илон Маск 100 миллион долларға конкурс жариялады
Әлем • Кеше
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабағын онлайн оқиды
Аймақтар • Кеше
Елордалықтар «Saqtandyry» жүйесін жаңартып отыруы тиіс
Медицина • Кеше
Маңғыстау облысында арқар атқан азамат ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тұрғын үй нарығын белгісіздік күтіп тұр
Қазақстан • Кеше
Әділет органдарында жемқорлық 67 пайызға азайған
Қоғам • Кеше
Шымкентте еркіндікте жүрген арыстан табылды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда алдағы үш күнде аяз болады
Ауа райы • Кеше
Семейде бозбалалар зейнеткерді өрттен құтқарды
Аймақтар • Кеше
Жол апаты: Балқашта 2 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар