Аймақтар • 07 Қаңтар, 2021

Алматының Әуезов ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

277 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауданда Жаңа жылдық мереке барысындағы шаралар туралы айтып, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 3,5 мыңнан астам бала сыйлықтармен қамтамасыз етілгенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматының Әуезов ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

«Ауданымыздың кәсіпкерлері, аудан аумағында орналасқан сауда үйлері 8 қаңтардан бастап қаңтар айының 15-не дейін жеңілдіктер маусымын жариялайды. Сондай-ақ, Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында Алматы облысы фермерлерінің өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады», деді аудан әкімі.

Бүгінде Әуезов ауданында барлығы 5 ірі сауда-ойын-сауық орталығы бар (Moskva metropolitan, Asia Park, Sputnik mall, Almaty mall, Grand Park), әрбір сауда нысанында Ескі Жаңа жылға арналған жеңілдіктер өткізіледі, атап айтқанда: Moskva metropolitan - киім бутиктерінде акция, маусымдық коллекцияға 50 пайызға дейін, LC Waikiki киім бутигінде жеңілдіктер 70 пайызға дейін жеңілдіктер өткізеді; Asia Park – «Жаңа жылдық SALE» акциясын өткізеді, онда СОО жанындағы бутиктерге сертификаттар түрінде 17 жүлде ойнатылады, сондай-ақ, киім бутиктерінде маусымдық акция 10% - дан 30 пайызға дейін; Sputnik Mall - Magnum VISA компаниясымен бірлесіп автокөлік ұтыс ойыны бойынша акция, фудкорт аймағында тамақты жеткізіп беруге акция, бутиктерде маусымдық киімге 10-30 пайызға дейін акция іске қосылды; Almaty Mall – «Kinoplexx» кинотеатры СОО жанында тамақты жеткізіп берумен бірге Rixos Aktau-ға жолдама беру акциясы, «Solido» аксессуарлар бутигінде 50  пайызға дейін акция, «Koton» бутигінде 80 пайызға дейін, басқа бутиктерде 30 пайызға дейін акция; Grand Park - сауда нысанында әр аймақта 70 пайызға дейін жеңілдіктер жүргізіледі, «Kari» бутигінде 2 затқа бір зат үшін төленгендей төленеді.

Сонымен қатар, ауданда 17 сауда үйі және 4 Сауда орталығы орналасқан, онда бірқатар акциялар өтеді: Armada - сауда нысанында промо-аймақ бар, онда жиһаз жеңілдікпен қойылған, сондай-ақ British Asia Home-де акция өткізіледі, онда ақшалай сыйлыққа сертификат ойнатылады; Mechta электр тауарлар дүкенінде – 70 пайызға дейін сатып алу үшін cashback есептеу науқаны; Алтын базар - зергерлік бұйымдарға 20 пайызға дейін жеңілдіктер, Аrmat Jewelry House бутикінде 33 пайызға дейін акция және жолдама ұтыс ойыны; Үш Сұңқар-маусымдық киімге 50 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар