Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Сайлау санитарлық талапқа сай өтіп жатыр

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сайлау науқанының әділ әрі ашық өтуін бақылау туралы халықаралық  хартияға сәйкес, елімізде сайлауға бейпартиялық бақылау жүргізетін орталық құрылғаны белгілі. Дәл осындай орталық Қостанай облысында да жұмыс жүргізіп жатыр. Орталықта 700-ден астам байқаушы бар, Egemen.kz

Сайлау санитарлық талапқа сай өтіп жатыр

Олардың бәрі алдын ала арнайы даярлықтан өтіп, бүгінгі саяси науқанның әділ әрі ашық өтуін қадағалауда.

Біздің орталыққа өз жарғыларына алдын ала өзгеріс енгізіп, сайлау үдерісіне қатысу құқына ие болған өңірдегі жеті үкіметтік емес ұйым тартылып отыр. Бүгін түске дейін облыс орталығындағы сайлау учаскелерін түгел аралап шықтым. Біздің байқаушылардың айтуынша, саяси науқан барысында сайлауға қатысты заң бұзу деректері тіркелген жоқ. Бұл жолғы сайлауда санитарлық талаптардың сақталуын да жіті қадағалап отырмыз.

Әр учаскедегі кабиналар арнайы санитарлық құрылғылармен сағат сайын тазартылып, әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы қатаң қадағалауға алынған. Облыстағы барлық сайлау учаскелерінің кіреберісінде медицина қызметкерлері мен волонтерлер кезекшілік атқарып жатыр. Олардың міндеті –  сайлаушылардың санитайзерге қол шаюын қадағалап, дене қызуын өлшеп, әр адамға медициналық қолғап, маска, қалам үлестіру. Маска, қолғаптармен барлық учаскелер жеткілікті түрде қамтылған.

Соңғы жаңалықтар