Аймақтар • 11 Қаңтар, 2021

Қостанай облысында 381 мектеп штаттық режімде жұмыс істейді

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында оқушы саны 300-ге дейінгі 381 мектеп штаттық оқыту режімінеауысты. Бұл білім ошақтарында санитарлық талап қатаң сақталатынын және әр сыныпта оқушы саны15-тен аспайтынын айта кету керек.

Қостанай облысында 381 мектеп штаттық режімде  жұмыс істейді

Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова  өңірлік коммуникацияларқызметінде өткен  баспасөз жиынына қатысып, білім беру үдерісінің үшінші тоқсанда қалай ұйымдастырылатыны туралы баян етті.  

Басқарма басшысының сөзінше, өңірде жалпы саны 31 мыңнан астам бала білім алатын 114мектептегі 1-5-сыныптарда 2611 кезекші топ жұмыс істейді.

«Оқытуды ұйымдастыру былайша жүргізіледі: Оқу пәндерінің 70% мектеп қабырғасында, 30% қашықтан оқытылады. Мысалы, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, тарих пәндеріштаттық режімде, мектеп партасында оқытылады. 9, 11-сынып пәндері бойынша оқу жоспарының сағаттарын бөлу қайта қаралуы мүмкін. Жоғарысынып оқушыларының ата-аналарынан өтініштер талап етілмейтінін атап өткім келеді, бұл сыныптар толық құрамда аралас форматта оқитын болады» - деді З.Байменова.

Өңірдегі қалған 114 мектептегі 38 мыңнан астам бала қашықтан білім алады. Сонымен қатар, ата-аналар мен мұғалімдердің келісімі бойынша қосымша сабақтар мен оқушыға жеке кеңес беру үшін шағын топтар ашылуы мүмкін. Мұндай топтардағы оқушы саны бес баладан аспайтын болады.

Облыстағы колледждер де білім беру форматын өзгертті. Екінші семестрден бастап 1 курс студенттері колледж партасына отыратын болады.  

 

Қостанай облысы