Аймақтар • 12 Қаңтар, 2021

ҚазҰМУ студенті республиканың «Үздік студенті» атанды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру және еліміздің талантты жастарының жетістіктерін насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның үздік студенті — 2020» жобасының «Жас қыран» талантты жастардың IV Республикалық жинағына енгені үшін I дәрежелі дипломмен марапатталып, арнайы төсбелгі иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz

ҚазҰМУ студенті республиканың «Үздік студенті» атанды

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің Студенттік үкіметі ақпарат және қоғамдық даму комитетінің жетекшісі Дауренов Ұлықбек еліміздің «Үздік студенті» атанды.

Дауренов Ұлықбек зияткерлік және бірнеше ғылыми жобалардың авторы. AlmatyTV телеарнасының ұйымдастыруымен өткен IQ ALMATY интеллектуалды сайысының жеңімпазы SIRIUS командасының және университетте алғаш өткен GENIUS интеллектуалды жобасының жетекшісі.