Сондай-ақ бюро Джо Байден ант қабылдағанға дейін Трамптың жақтастары мен экстремалды оңшыл топтар АҚШ-та қарулы наразылық акцияларын ұйымдастыруы мүмкін екенін де атап өтті.
Желіде қарулы топтардың 20 қаңтардағы инаугурация қарсаңында барлық 50 штатта және Вашингтонда жиналуды жоспарлап отырғандығы туралы да хабарламалар жүр.
Осыған орай Трампты қолдайтын топ Конгресске шабуыл жасағаннан кейін іс-шара үшін қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Палата демократтарының айтуынша, президентке импичмент (айыптау) жариялау туралы дауыс беру сәрсенбіде өтеді.
Десе де қауіпсіздік органдарының өкілдері 6 қаңтардағы жағдай қайталанбайды деп уәде беріп отыр.
Аида Оралбек