Аймақтар • 13 Қаңтар, 2021

Атырауда мұз үстінде жүрген жүргізушілер ұсталды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнекамера инспекторлары Жайық өзенінің үстіндегі қауіпсіздік шараларының сақталуын да қадағалайды. Мақсат – Жайық өзенінің үстінде болуы мүмкін оқыс оқиғаның алдын алу, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда мұз үстінде жүрген жүргізушілер ұсталды

«Жыл басынан бері Жайық өзеніндегі мұз үстімен автокөлікті жүргізген 4 жүргізуші анықталды. Сондай жүргізушінің бірі 10 қаңтарда сағат 15:40 шамасында Жұмыскер елді мекеніндегі көпірдің тұсында ұсталды. 36 жастағы жүргізуші «Лада Гранта» маркалы автокөлігімен мұз үстімен жүрген», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Патрульдік полиция қызметкерлері 4 жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық бұзу туралы Кодексінің 620-бабымен (жол жүрісіне  қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырып, ескерту берді.