Аймақтар • 13 Қаңтар, 2021

Алматыда жылу энергиясының тарифі өзгеріссіз қалды

130 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Коммуналдық қызметтер түбіртектерінде байқалған жылу бағасының өсуі тарифтің көтерілуімен байланысты емес, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Яғни, үйлерге ортақ жылу энергиясын есептейтін аспаптармен (ҮОЖЭЕА) жарақталған көп пәтерлі тұрғын үйлер (КПТҮ) үшін тариф (жылу энергиясын өлшеу және есептеу үшін белгілі бір кезеңге монополияға қарсы ведомство бекіткен константа) ұлғаймаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жылу энергиясының тарифі өзгеріссіз қалды

Ағымдағы жылыту маусымында ол ҚҚС-ты қосқанда 4810,63 тг/Гкал-ға тең.

Сонымен бірге қолданыстағы заңнамада белгіленген және бекітілген жылумен жабдықтау қызметтерін пайдалану қағидалары мен нормативтеріне сәйкес, тұтынушы орталықтандырылған жылыту және ыстық су үшін өзі тұратын КПТҮ-де орнатылған ҮОЖЭЕА көрсеткіштері бойынша ғана төлейді. Дәл осы құрылғы жылу энергиясын жеткізуші – «Алматы жылу жүйесі» (АлЖЖ) ЖШС-дан үйге келіп түскен жылу энергиясының көлемін бақылайды, бұл құрылғы үйдің жылу энергиясын қанша тұтынғанын есепке алады және адамдарға ыңғайлы болу үшін оны гигакалориялардан жылытылатын алаңның бірлігіне шаққандағы бағаға қайта есептейді.

Бірақ тариф тұрақты болған кезде жылытылатын алаңның бірлігіне шаққандағы баға әр түрлі жағдайларға байланысты өзгереді.
Ең алдымен, сыртқы ауа температурасына байланысты.

Жылу энергиясын өндіретін кәсіпорындар (ЖЭО, қазандықтар) қалаға қажетті жылу тасымалдағыштың температурасына жету үшін отынды (газ, көмір) көбірек жұмсауға мәжбүр. Яғни, егер сыртта жылы болса, онда салқындатқыштың температурасы төмен (бірақ +65 градустан төмен емес), ал төлем ҮОЖЭЕА ескерген нақты жылу шығыны бойынша аз болады. Ал керісінше, далада неғұрлым суық болса, жылу бағасы соғұрлым жоғары болады. Егер өткен жылдың қазан, қараша және желтоқсан айларында ауа райының қандай болғанына қарайтын болсақ, түбіртектерде көрсетілген жылу мен ыстық судың бағасы (төлемі) неге айдан-айға көтерілгені түсінікті болады. Кері процесті былтырғы түбіртектерден немесе далада сыртқы ауа температурасы көтерілетін кезде, көктемге қарай байқауға болады.

Екіншіден, қараша айындағы түбіртекте қазан айында тұтынылған жылу энергиясы үшін желтоқсан айындағы түбіртекте – қарашада, қаңтар айындағы түбіртекте – желтоқсанда есептелетінін еске саламыз.

Дегенмен, АлЖЖ-ның жылу энергиясын бақылаудың электрондық жүйесінде (бағдарламасында) әрбір үй үшін есепке алу мен есептеудің өзіндік күнтізбелік кезеңі айқындалған: мысалы, біреуі – айдың 1-інен 30-ына дейін, екіншісі – айдың 15-інен келесі айдың 15-іне дейін және т.б.

Басқаша айтқанда, бұл үйлердің тұрғындары белгілі бір үй үшін белгіленген есеп айырысу кезеңінде ауа райына байланысты жылумен жабдықтау үшін әр түрлі соманы төлейді. Бірақ болашақта олардың жылу шығындары іс жүзінде теңестіріледі, өйткені жоғарыда келтірілген мысалда бірінші үйдің тұрғындары кейінгі кезеңде тұтынылған жылу үшін төлейді, ал ол үшін екінші үйдің тұрғындары төлеп қойған. Үшіншіден, тіпті бір типтік жоба бойынша салынған екі үй де жылу энергиясының әр түрлі мөлшерін тұтынуы мүмкін.

Мұның себептері әр түрлі: жылуды ысырап жасайтын үйдің жылытылмаған қызметтік бөлмелері (кіреберістер, шатырлар, жертөлелерүй ішіндегі жылыту жүйесін және ыстық сумен жабдықтауды теңгерімдеу, жеке пәтерлерде «жылы едендер» деп аталатын радиаторлардың қосымша бөлімдерін пайдалану және т.б., бұл үй ішіндегі инженерлік схемалардың құрылыс жобасымен есептелген жылу беру процесіне белгілі бір дәрежеде теңгерімсіздікті тудырады. Ал қолданыстағы заңнамаға сәйкес үй ішіндегі желілерге қатысты барлық проблемалық мәселелерді ПИК және сервистік компаниялар өзара жасасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға қызмет көрсету туралы шарттар негізінде шешуі тиіс.

Жылумен жабдықтаушы ұйымдардың бұл қызметпен, яғни үйлерге техникалық қызмет көрсетумен айналысуға құқығы жоқ. Алайда, ғимаратқа түсетін жылу энергиясының параметрлерін бақылау үшін ПИК әрқашан теңгерімдік жауапкершілік шекарасында (элеваторға немесе жылу пунктіне кіре берісте) өлшеу жүргізу үшін АлЖЖ-ға жүгінуге құқылы.

ҮОЖЭЕА-мен жабдықталмаған үйлерде тұратын тұтынушыларға келетін болсақ, жылыту үшін төлем осындай ғимараттар үшін монополияға қарсы ведомство бекіткен мәндерге сүйене отырып, ай сайын есептеледі: қазан – 31 теңге/м2, қараша – 156 теңге/м2, желтоқсан – 208 теңге/м2.

Соңғы жаңалықтар