2020 жылы «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» кодекске 119 түзету енгізілді. Оның 111-ін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынды. Ұсыныстар негізінен тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін әрі кедендік тексеру жүргізу рәсімін жетілдіру, кеден ісі саласында мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау секілді бағыттарды қамтиды.

yujanka.kz
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл – бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсіновтің айтуынша, кедендік тексеру жүргізу рәсімдерін жетілдіруге қатысты түзетулер Мәжілістегі Nur Otan партиясының фракциясы мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2020 жылға арналған ынтымақтастық туралы жол картасын іске асыру аясында әзірленген. Түзетулер кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғауға, жүргізілетін тексерулер сапасын арттыруға, сондай-ақ бизнестің кедендік тексерулер нәтижелеріне шағымдануға кететін уақытын үнемдеуге, қаржылық шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.
– Камералдық кедендік тексеру жүргізу тәртібі толықтай өзгерді. Енді бұл рәсімге камералдық салықтық бақылау элементтері енгізілді. Яғни тексеру барысында заң бұзушылық анықталса, кәсіпкерді бірден әкімшілік жауапкершілікке тартпай-ақ, оған бұл олқылықты өз күшімен жоюға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар аталған тексерулердің мерзімі 6 айдан 2 айға дейін қысқарды. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қосымша құжаттарды ұсыну мерзімі 5 жұмыс күнінен 2 айға дейін ұзартылды, – деді Рустам Жүрсінов.
Бизнес-омбудсменның айтуынша, салықтық тексерулерге ұқсас кедендік тексерудің жаңа түрі енгізілген. Бұл – тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану негізінде жүргізілетін кешенді көшпелі кедендік тексеру. Аталған тексеру бекітілген жартыжылдық кестеге сәйкес жүргізіледі, бұл кесте уәкілетті органның сайтында орналастырылады. Сондай-ақ кәсіпкерге 30 күн бұрын тексеру жүргізілетіндігі туралы хабар беріледі.
– Кедендік тексеру қорытындылары бойынша алдын ала акт рәсімделеді. Оған кәсіпкер өзінің келіспеушілігін білдіре алады және оның жолдаған талап-арызын мемлекеттік кіріс органдары қарауға міндетті. Сондай-ақ енді көшпелі кедендік тексерулерді сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тіркелген жері бойынша бір ғана кеден органы жүргізетін болады. Көзделген тәртіпті өрескел бұзу фактілері анықталған жағдайда кедендік тексеруді жарамсыз деп танитын заңнамалық норма бекітілді. Аталған түзету енгізілгенге дейін инспекторлардың тексеру жүргізу мерзімдерін, рәсімдік мәселелерді, сұрау салу және сұрау салынатын құжаттарды қарау тәртібін бұзғанына қарамастан, тексеру актісінің күшін жою және оны жарамсыз деп тануға мүмкіндік болған жоқ, – деп нақтылады Р.Жүрсінов.
Салықтық тексерулер кезінде осыған ұқсас жағдайлар орын алғанда апелляциялық комиссия Салық кодексінің және Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын басшылыққа ала отырып, аталған тексеруді жарамсыз деп танып, кәсіпкердің пайдасына шешім шығарады. Бұл түзету орын алған қайшылықтарды жоюға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушының құқықтарын толық көлемде қорғауға мүмкіндік берді. Ал көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің цифрлы форматқа көшуі тиісті өтінішті электронды түрде ұсынуға жол ашады. Бұл ретте құжаттарды қарау мерзімі 50 пайызға қысқартылады және ықтимал сыбайлас жемқорлыққа да жол берілмейді.
Тұтастай алғанда, кеден органы тауардың кедендік құнын қайта қараған жағдайда декларантты, ал кеден органы тауарларды дұрыс жіктемеген кезде және бұзушылықтарды өз бетінше жойған кезде кеден өкілдерін жауапкершілікке тартпауды көздейтін нормалар заңнамалық түрде бекітілді. Сондай-ақ осы заңнамалық нормаларға сәйкес, «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі жұмысында қателіктер анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтын болды.
– Кеден органдары тауарларды шығарған сәттен бастап талап қою мерзіміне байланысты 3-5 жыл өткеніне қарамастан, кедендік құн бойынша және тауарларды жіктеу бойынша бұрын қабылданған шешімдерді қайта қарау тәжірибесін жиі қолданады. Осындай тексерудің нәтижесі бойынша кедендік баждарды, салықтарды және өсімпұлдарды қосымша есептеу жүргізіледі, сондай-ақ кәсіпкер жауапкершілікке тартылады. Ал осы түзетулер енгізілгеннен кейін кәсіпкер мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды тұлғаларының қателіктері үшін жауап бермейтін болады, – деді бизнес-омбудсмен.
Рустам Жүрсінов бюджетке түсетін түсімнің төмендеуіне әкеп соғатындықтан, заң жобасын қарау барысында кедендік төлемдер мен тексерулерге қатысты кейбір ұсыныстардың қолдау таппағанын атап өтті. Бұл ұсыныстар биыл мемлекеттік органдармен бірге қайта пысықталмақ.
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Бүгін, 13:38
«Shymkent Chemical Company» кәсіпорнының құрылысы аяқталуға таяды
Аймақтар • Бүгін, 13:22
Өңірлердегі мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізіледі
Қоғам • Бүгін, 12:25
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Бүгін, 12:07
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 11:44
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 11:31
Отбасы банкінде тұрғын үйді сатуға бес жылға шектеу қойылғандығы түсіндірілді
Қоғам • Бүгін, 10:52
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:24
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:44
Кардиология институтында бауырды тексеретін бірегей УДЗ аппараты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 09:02
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • Кеше
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • Кеше
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • Кеше
Тағайындау • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • Кеше
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • Кеше
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды
Аймақтар • Кеше
Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі конкурс жариялады
Қазақстан • Кеше
Илон Маск 100 миллион долларға конкурс жариялады
Әлем • Кеше
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабағын онлайн оқиды
Аймақтар • Кеше
Елордалықтар «Saqtandyry» жүйесін жаңартып отыруы тиіс
Медицина • Кеше
Ұқсас жаңалықтар