Жаңа 2021 жыл АҚШ-тағы Капитолийді басып алу түрлі саяси оқиғалармен басталды. Дегенмен, қазіргі таңда әлем елдерін бір ғана мәселе мазалап тұр: «Коронавирус пандемиясынан зардап шеккен экономиканы қалай қалпына келтіреміз?». Болжам бойынша, биыл ішкі жалпы өнім баяу өспек. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялаған мақалалар топтамасында осы сұрақтарға жауап берілген.
Нью-Йорк университетінің Стерн бизнес мектебінің экономика профессоры Нуриэль Рубини қазіргі әлемдегі ахуалға шолу жасаған. Оның пайымдауынша, коронавирусқа қарсы вакцинаны жаппай егу басталғанымен, экономиканың қалпына келуі қиын. Өйткені дамуды тоқыратқан бұдан басқа да себептер жетерлік. Айта кетерлігі, автордың болжамы ең нашар сценарийге негізделіп жасалған.
Ирландияның бұрынғы президенті, БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары қызметін атқарған, бүгінде The Elders тобының төрағасы Мэри Робинсон өз мақаласында Париж келісімі туралы әңгімелейді. Оның айтуынша, әлем елдері жаһандық жылынуға жол бермеу үшін өз міндеттерін адал орындауы керек. Әсіресе коронавирус дағдарысы шартараптың тізе қосып әрекет етуі қажет екенін көрсетті.
Естеріңізге салайық, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

ДУБЛИН. Коронавирус 2020 жылы әлемді асты-үстіне түсірді. Сондай-ақ індет жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұру үшін саяси тұрғыда ортақ мәміле қажет екендігін көрсетті. Осылай бірлесіп әрекет еткенде ғана адамдардың тапқырлығы мен жаңашылдығының арқасында табысты бола аламыз.
Біз бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен коронавирусқа қарсы тиімді бірнеше вакцина жасадық, сынап көрдік және егу жұмыстарын бастап кеттік. Енді адамзатқа қауіп төндіріп тұрған тағы бір түйткілмен – климаттың өзгеруімен күресуге қатысты шешім қабылдауымыз керек. Өткен айда БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш атап өткендей, «біздің болашақтағы қауіпсіздігіміз бен өркендеуіміз климаттың жылынуына қарсы батыл шаралар жасауымызға байланысты».
Соған қарамастан, таяуда, 12 желтоқсанда өткен Климат амбициялар саммитінде көптеген елдің басшылары тиісінше міндеттеме алған жоқ. Осылайша, мәселемен күресудегі ұжымдық әрекет жеткіліксіз күйде қалды. Әйтсе де Еуропалық одақ, Ұлыбритания және басқа да климаттың жылынуынан қатты зардап шегетін мемлекеттер 2030 жылға дейінгі парникті газдарды азайту міндеттемесін айтарлықтай арттырды. Бірақ АҚШ, Жапония, Қытай және басқа да көмірқышқыл газын көп шығаратын елдер әлі де міндеттемесін орындауы керек. Әсіресе биылғы қараша айында Глазгода өтетін БҰҰ Климат конференциясына дейін үлгеруі қажет. Келешектегі дағдарысқа жол бермеуді көздесек, міндеттемені орындауды кешіктіруге немесе бейжай қарауға кешірім жоқ.
Бес жыл бұрын, ұзақ және мұқият келіссөздерден кейін әлем елдері Париж климат келісімін жасау үшін бас қосты. Бұл соңғы жылдардағы көпжақты дипломатияның ең үлкен жеңістерінің бірі десек артық айтқандық емес. Бірақ оған қол қою бөлек те, орындау бөлек әңгіме. Жаһандық жылынуға қарсы іс-әрекетке ұқыптылықпен қарамаса, Париж келісімінің мүлдем орындалмай қалу қаупі бар.
Кейінгі бес жылдағы оқиғалар Парижге жиналғандардың ақыл-ойына кіріп шықпаған мүлдем жаңа геосаяси ландшафт қалыптастырды. Сол кезде коронавирус немесе «Брексит» сөздері көпшілікті мазалай қоймайтын. Қазіргі таңда бұл екі термин әлемнің түкпір-түкпіріндегі мемлекеттердің басшылары мен саясаткерлерінің ерекше назарында тұр.
Бірақ бұл оқиғалардың күн өткен сайын өзектілігі артып келе жатқан климаттың жылынуына қарсы іс-қимылға, әсіресе осы саладағы жобаларды қаржыландыруға кедергі келтіруіне жол бере алмаймыз. Осыдан он шақты жыл бұрын әлемдегі ең бай елдер жаһандық жылынуға бейімделу және оның салдарын азайту шараларына көмектесу үшін 2020 жылға қарай кедей мемлекеттерге жылына 100 миллиард доллар қаржы бөлуге уағдаласқан-ды. Бұл мерзім өтіп кетті, бірақ берілген уәде әлі орындалған жоқ.
Дегенмен, үміт үзуге әлі ерте. АҚШ президенттігіне сайланған Джо Байден Ақүй тізгінін ұстай сала Париж келісіміне қайта қосылатынын мәлімдеді. Америкалық қоғам Дональд Трамптың 4 жыл бойғы қыңыр саясатынан кейін нағыз көшбасшыны қажет етеді. 100 миллиардтық міндеттеменің өз бөлігін орындауы үшін АҚШ-тың «Жасыл климат қорына» 2 миллиард доллар төлеуі Париж келісіміне қайта қосылар алдындағы тамаша шара болар еді. Бұл қаражат Барак Обаманың президенттігі кезінде бөлінген-тұғын. Сондықтан оны АҚШ қазынасында ұстап тұруға ешқандай себеп жоқ.
Сол секілді, басқа да ауқатты мемлекеттер АҚШ-тың ізін қуып, өздерінің міндеттемесін орындауға салғырт қарамауы тиіс. Германия канцлері Ангела Меркельдің таяуда жаһандық жылынуға қарсы әрекет қорына қатысты халықаралық жаңа бастама көтеруі көңіл қуантады. Бірақ кейінгі жылдардағы оқиғаларды ескерсек, сөзге сеніп, қол қусырып отыра беруге әсте болмайды.
Оған қоса әлемнің бүкіл елі 2021 жылы Париж келісімі аясында өз міндеттемелерін адал орындауға, мемлекеттік жарналарын жеткілікті төлеуге ерікті түрде кірісіп, осы қадамға бейжай қарамайтынын анық дәлелдеуі тиіс.
Ынтымақтастық пен әділеттілік Париж келісімінің және 2015 жылы қабылданған БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының негізінде жатыр. Бұл қағидалар мен олардың жауапкершіліктері бұрынғыдан да маңызды. Өйткені әлем коронавирустан туындаған дағдарыстан кейін тұрақты қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
Ащы шындық сол, Париж келісімінен кейінгі бес жылды босқа жібердік. Қазіргі міндет – парникті газдардың шығарылымын азайтатын саясат жүргізу. Олардың қатарында қазба отынға субсидия беруді тоқтату, көміртегінің құнын жоғарылату және жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялар бар. Мұндай әрекетіміз тиісті деңгейде орындалуы тиіс. Бірақ климаттық дағдарыс коронавирус секілді ешқандай шекараны сақтамайды және мемлекеттердің егемендігіне байланысты емес.
Былтыр әлем назары вирусқа ауғанымен, Аустралиядағы және Калифорниядағы дала өрттерінен бастап, Бенгал шығанағындағы сұрапыл дауылға дейінгі ауа райының күтпеген құбылыстарына куә болдық. Осы апаттардың салдарынан екі миллионға жуық адам эвакуацияланды. Сондай-ақ адамзат болмысының өте нәзік екенін терең әрі мұқият түсіндік. Оған қоса шекараларға, ұрпақтан-ұрпаққа қарамастан, біздің өміріміз бір-бірімен байланысы тығыз.
Ендеше, Париж келісімімен 2030 жылға қарай қадам басқанда әлем көшбасшыларын, бизнесмендер мен қарапайым тұрғындарды қазіргі жасаған (не жасамаған) әрекетімізге қарап бағалаймыз. Біздің ұрпағымыз да, планетамыз да өзімшіл, қысқа мерзімді әрекетке төзбейтіні анық.
Мэри РОБИНСОН,
Ирландияның бұрынғы президенті, БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары қызметін атқарған, The Elders тобының төрағасы
Copyright: Project Syndicate, 2021.
www.project-syndicate.org
Қазақстан бірнеше елмен сауда көлемін арттырды
Қоғам • Бүгін, 16:13
Жануарлардың күтімін бақылайтын инспекторлар пайда болады
Қоғам • Бүгін, 15:58
Ералы Тоғжанов кімдердің жалақысы артатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:52
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 15:40
Қазақстанда ұн бағасы 23 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:27
Қазақстан ЕАЭО елдеріне қандай тауар түрлерін экспорттайды
Қоғам • Бүгін, 15:19
Бивол Джошуа Буатсимен күш сынасуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:10
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Президент • Бүгін, 14:59
Алматыда пара алған емхана меңгерушісіне сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мәулен Әшімбаев халықтың табысын арттырудың жаңа тәсілдері туралы айтты
Парламент • Бүгін, 14:40
Бельгияда маймыл шешегінің 6 дерегі тіркелді
Әлем • Бүгін, 14:35
Референдум: Қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады
Әлем • Бүгін, 14:22
Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:12
Мемлекет басшысының Қырғызстанға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 14:03
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:56
Павлодарда мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 13:47
Иранда 10 қабатты ғимарат құлап, жүздеген адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 13:35
Референдум: Конституцияда не өзгеруі мүмкін?
Референдум-2022 • Бүгін, 13:21
Елімізде 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
Үкімет • Бүгін, 13:10
Біртанов Бас прокурордан мемлекеттік айыптаушыларды ауыстыруын сұрады
Қоғам • Бүгін, 12:55
Есірткі сақтаған шымкенттік тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:45
Зейнетақы төңірегіндегі теңсіздіктер қайтсе жоғалады?
Қоғам • Бүгін, 12:37
Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер берілді
Спорт • Бүгін, 12:28
Елімізде 280 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады
Қоғам • Бүгін, 12:22
Қызылордада қала тазалығына жауапты жұмысшылар автобуста тегін жүреді
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:06
Артық төленген утиль алымды қайтаруға өтінім қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 11:57
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 11:52
Екібастұзда 5 жастағы бала терезеден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:47
Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді
Парламент • Бүгін, 11:42
Сенегал ауруханасындағы өрттен 11 нәресте қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:35
Алматыда лауазымды тұлғалар 50 млн теңге ұрлаған
ANTIKOR • Бүгін, 11:30
Қарағандыда заңсыз покер клубы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 11:22
БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы ауысты
Тағайындау • Бүгін, 11:17
Қазақстан Арменияға мұнай өнімдерін сатады
Парламент • Бүгін, 11:03
Астық өңдеушілер Қазақстанда бидай экспортына тыйым салуды сұрады
Экономика • Бүгін, 10:53
Министрлердің халықпен кездесу кестесі бекітілді
Үкімет • Бүгін, 10:50
Бішкекте Еуразия экономикалық форумы өтіп жатыр
Әлем • Бүгін, 10:47
Елжан Біртанов ісі бойынша басты сот отырысы басталды
Қоғам • Бүгін, 10:40
Шымкентте түлектер отырған кортеж жол ережесін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 10:33
Ұқсас жаңалықтар