«Биыл облыста ел игілігіне берілетін тұрғын үй көрсеткішін 10%-ға арттыру міндеті тұр. Бірінші тоқсанда 93,5 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Оның ішінде көп қабатты тұрғын үйлердің үлесі 64,7 мың шаршы метр болады», - деді облыс әкімі.
Кеңес барысында Қостанай, Рудный қалалары мен Қостанай ауданының әкімдері халықты баспанамен қамтудың 2021 жылға арналған жоспары туралы баяндады.
Жиын соңында аймақ басшысы тұрғын үй құрылысының қарқынын төмендетпеуді, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіру жұмысын жалғастыруды, сондай-ақ жоспарланған құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді және тұрғын үй нысандарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Қостанай облысы