10 ақпан күні сағат 19:40-та «Hyundai Solaris» автокөлігімен келе жатқан 42 жастағы жүргізуші қарсы келіп қалған Ауди-100 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
«Нәтижесінде «Hyundai» көлігінің жүргізушісі жарақат алып, жанында отырған 46 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал «Ауди» көлігінде отырған ерлі-зайыптылар ауыр жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, 27 жастағы жүргізуші ауруханада көз жұмды. Марқұмның жұбайы ауыр қалде жатыр. Жол апаты көктайғақта және қарлы бораннан кейін көтерілген тұманда орын алды», деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Полиция жүргізушілерге жылдамдық режімін сақтауды және қолайсыз ауа райы жағдайында жолға шықпауды кеңес етеді.
Қостанай облысы