Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021

Қалалық мәслихат сессиясы

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қалалық мәслихаты депутаттарының бірінші сессиясы өтті деп хабарлайды Еgemen.kz

Қалалық мәслихат сессиясы

Қалалық мәслихаттың құрамы  тұңғыш рет үш партиялы болып өзгерді. Бұл жолы мәслихаттағы «Нұр Отан» және «Ауыл» партиясы өкілдерінің қатарына «Ақ жол» партиясынан сайланған депутаттар қосылды.  

Бірінші сессияға Қостанай әкімі Қайрат Ахметов қатысып, барлық депутаттарды қала игілігі үшін жұмыс істеп, тұрғындардың тұрмысын жақсарту мақсатына жұмылуға шақырды. 

Қалалық мәслихатқа партиялық тізім бойынша «Нұр Отаннан» 42 кандидат, «Ауыл» және «Адал» партияларынан 4, ал «Ақ жолдан» 5 үміткер ұсынылған.  «Бүгінде қалалық мәслихаттағы 19 депутаттың   14-і -  «Нұр Отан» партиясының өкілдері.Екеуі «Ауылдан», ал үш депутат «Ақ жол» партиясынан», - деді қалалық сайлау комиссиясының өкілі.

Мәслихат депутаттарының бесеуі – әйел адамдар. Сессия отырысында мәслихат хатшысы сайланды. Бұл міндетті Бақытбек Сәндібеков атқаратын болды.