Президент • 15 Қаңтар, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты

2382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Сулавеси аралындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz  «Ақордаға» сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Осындай қиын жағдайда біз индонезиялық достарымыздың қайғыларына ортақтасып, олармен бірге екенімізді жеткіземін. Сонымен қатар табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып, үйлеріне оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.