Пікір • 18 Қаңтар, 2021

«Барлығына қарсы» пікірі де ескеріледі

318 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5%-ға төмендету бастамасы өткен жылы енгізілсе, осы жолы Мәжілісте төрт партия болар еді. Дегенмен Мемлекет басшысы жариялаған жаңа ұстанымдар елімізге оң өзгерістер әкеледі деп сенемін.

«Барлығына қарсы» пікірі де ескеріледі

Ең алдымен, Президенттің сот жүйесін ашық ете түсу бастамасына тоқталғым келеді. Қазір судьялар сот хатшысына, прокурорлар мен тергеушілерге алаңдаушылықпен қош­тасады, анығын айтқанда реп­рес­сиялы жүйеден өсіп, жоға­ры көтеріледі. Судьялыққа адво­кат­тықтан, медиаторлық пен қара­пайым заңгерліктен келу керек.

Одан кейін полицияның сервис­тік моделі, атаулы әлеуметтік көмек­ті күшейту, азаматтардың өз жинақтарын басқаруға мүмкіндік беру бастамаларын да ерекше атап өту қажет.

Ауылдық, аудандық бюджет процедураларын жеңілдету де маңызды қадамдардың бірі. Оған қоса қоғамдық қауіпсіздік үшін цифрлық технологияларды енгізуді арттыру да қазіргі кезекте өзекті мәселе.

Тағы бір жақсы жаңалық – ауыл әкімдерінің сайлауынан кейін аудан әкімдерінің сайлауын өткізу. Аудандар – бюджеттің ғана емес, басқарудың да маңызды элементі. Егер әкімдер сайланатын болса мемлекеттік басқару жүйесі қатты өзгереді. Демократияға бас­тайтын тағы бір шешім – партия мүшелерінің тізімін электронды үкімет арқылы жинау. Бұл жаңа партия құру жұмыстарын айтар­лықтай жеңілдетеді.

Парламенттің бақылаушы функциясын күшейту шешімін де қолдаймын. Функциялар бар, бірақ ол сирек пайдаланылып келді. Өткен жылы Сенат оны іс жүзінде пайдаланбақ болды, бірақ үкіметке ол ұнамағаны сонша, кадрлық шешімдер қабылдауына тура келді.

Азаматтық қоғам үшін негізгі жұмыстың бірі – қоғамдық бақылау туралы заң қабылдау. Қазір мен жұмыс тобының құрамындамын. Заң азаматтарға айтарлықтай көмектеседі, қазір оны жетілдіру үстіндеміз.

Осы орайда онлайн-петицияны заңдастыруды да айтпаса болмас. Бұл туралы аз айтылған жоқ. Биыл Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі Ашық үкімет аясында мұны іске асырады деп үміт­тенеміз. Меценаттар мен ерік­тілерге жеңілдіктердің ен­гізілуі де азаматтық қоғамның ілгерілеуіне жол ашатын болады.

Сайлау бюллетеньдерінде «барлығына қарсы» жазуының болатыны да жақсы бастама. Өткен сайлауда бүлдірілген бюллетеньдерге қарағанда ұсынылған үміткерлер көптеген адамдардың (3,95%) көңілдерінен шықпады. Ал келмегендердің арасында да мұндай жандардың болу мүмкін екенін ескеру керек. Одан да пікірін осылай білдірсін, бұл өте дұрыс.

 

Марат ШИБҰТОВ,

саясаттанушы