Аймақтар • 18 Қаңтар, 2021

Әлеуметтік желі арқылы жарылғыш зат сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайлық полицейлер  Челябі облысында жарылғыш зат жасап, оны сату үшін әлеуметтік желіде жарнамалап келген Тройцк қаласының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желі арқылы жарылғыш зат сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды

12 қаңтар күні әлеуметтік желіге мониторинг жүргізген облыстық полиция департаментінің мамандары тротил құтылары мен тұтатқыш түтіктердің суреті бар жарнамаға назар аударып, оны дереу экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тексеруге кіріседі.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде фотосуреттің әлеуметтік желіге Ресей Федерациясының аумағында жүктелгені, сондай-ақ күдіктінің жеке басы туралы мәліметтер мен жарылғыш заттар тұрған орын анықталады. Қостанай облысының полицейлері бұл мәліметтерді ресейлік әріптестеріне жібереді.

Тескеру шараларын Челябі облысының полицейлері іліп әкетіп,  13 қаңтарда Челябі облысындағы Троицк қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Одан жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларға арналған тротил құтылары, тұтатқыш түтіктер және өнеркәсіп өндірісінде пайдаланылатын тұтатқыш электр құрылғылары тәркіленіп алынды.

Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ербол Дербісовтің айтуынша, Қостанай облысы мен Челябі облысының тәртіп сақшылары қылмысқа қарсы күресте шекара маңы ынтымақтастығы жоспары бойынша жұмыс істейді. Аталмыш ынтымақтастық аясында екі елдің ішкі істер органдары шекара маңындағы қылмыстың алдын алу немесе қылмысты ашу, күдіктілерді ұстау, есірткі немесе заңсыз тауарларды тасымалдау  жолдарына тосқауыл қою сияқты ауқымды шараларды бірлесіп жүзеге асырып келеді.