Қазақстан • 19 Қаңтар, 2021

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 1 ақпаннан бастап егіледі

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны егу 1 ақпаннан басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 1 ақпаннан бастап егіледі

«Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу шаруасын жеделдету мақсатында келесі бағытта жұмыс жүргізілуде: 2021 жылғы 19 қаңтарда Спутник V вакцинасының 20 мың дозасын әкелу жөнінде Қарағанды фармкешені мен РФ тікелей инвестиция қоры келісімге келеді. 20 қаңтарда бұл вакциналарды «СҚ-Фармация» компаниясына арнайы тәртіп бойынша бір рет әкелуге рұсқат беру көзделген. Осыдан кейін халықтың бұған дейін белгіленген топтарына 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жоспарлануда», деді Алексей Цой.

Айта кетейік, жыл соңына дейін 6 млн қазақстандыққа вакцина егу жоспарлануда.