Аймақтар • 19 Қаңтар, 2021

Қостанайдағы қоныс колониясынан қашқандар ұсталды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рудный полицейлері Қостанайдағы 161/11 қоныс колониясынан қашып шыққан екі қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанайдағы қоныс колониясынан қашқандар ұсталды

Колония кезекшісі түзеу мекемесінің аумағында екі сотталғанның жоқ екенін 16 қаңтар күні кешкі сағат 21:00 шамасында анықтаған. Бірі -  25, екіншісі - 35 жастағы екі ер адам колонияның терезесін сындырып, қашып кеткен.

Түзеу мекемесінде дабыл қағылып, жеке құрамға қашқандардың түр-сипаты түсіндіріледі. Екі сотталушы да бұрын Рудный қаласында тұрғандықтан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген қызмет тәртібіне ауыстырылды.

«Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қаладағы жалдамалы пәтерлер, қылмыскерлердің достары мен туыстары тексерілді. Сол күні тәртіп сақшылары сотталғандарды ұстады», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір іс сотқа беріліп,  сотталғандар Қостанай қаласының тергеу изоляторында жатыр.