Экономика • 20 Қаңтар, 2021

Ескі техникадан құтылудың жолы

946 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап тозығы жеткен ауыл шаруа­шы­лы­ғы техникаларын утилизацияға қабылдау басталды. Жыл соңына дейін 2 380 аграрлық техника кәдеге жаратылады деп күтілуде.

Ескі техникадан құтылудың жолы

«ӨКМ Операторы» ЖШС тарат­қан ресми ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылы істен шық­қан ауыл шаруашылығы техникасын ути­лизацияға қабылдау квотасының мөлшері Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен келісілген. Аталған бағдарлама аясында жыл соңына дейін қабылдау бекеттері 1 900 трактор мен 480 комбайнды қабылдауды жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылығы техникасын қабылдау Қазақстанның 11 аймағында екі кезең бойынша жүзеге асырылады. 18 қаң­тар­дан бастап Қостанай, Петро­павл, Көкшетау, Ақтөбе, Қара­ғанды, Қызылорда, Талды­қорған, Шымкент қалаларында 1 ақпаннан бастап Павлодар, Алматы және Тараз қалаларында қабылдау жүргізіледі.

«Биыл агротехниканы өт­кізу­ші­лерге ыңғайлы болу үшін recycle.kz сай­тында алдын ала өтінімді қарай­­тын жүйе ен­гі­зілгенін атап өткен жөн. Сол арқылы көлік тапсыру­шы техникасын электронды түрде кезекке қоя алады. Ол үшін ауыл шаруашылығы тех­ни­касы­ның иесі арнайы элект­рон­ды үлгіні толтыруы тиіс. Оған екі құжат қана керек: жеке куәлік және техниканы тір­кеуден шығарғандығы тура­лы анықтама. Бұдан бөлек ауыл шаруашылығы техни­ка­сының әр қырынан түсіріл­ген бірнеше суреті қажет. Өтінім мақ­ұлданған жағдайда, авто­мат­тан­дырылған жүйе өтінім берушіге аграрлық техниканы кәдеге жаратуға тапсыру күні мен уақыты туралы ақ­парат береді», деп хабарлады «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның баспасөз қызметі.

Техниканы тапсырғандарға жеңілдік сертификаты беріледі. Оның құны техниканың түрі мен жиынтығына байланыс­ты 560 мың теңгеден 2 млн тең­­­геге дейін бағаланады. Жеңіл­­дік сертификатын Қазақ­станда құрастырылған кез кел­ген санаттағы көлікті сатып алу үшін қолдануға болады. Сонымен қатар екі сертификатты біріктіруге және оны басқа адамның атына тір­кеуге (2 реттен артық емес) мүм­кіндік бар. Сертификат берілген күннен бастап 12 айға дейін жарамды.

Тапсырылатын техника за­уыттан шыққандағы салмағының 50 пайызынан асатын болса то­лық жиынтыққа жатады. Бұл ретте толық жиынтықтағы ком­байн­ға 2 млн теңгелік жеңіл­дік сер­тификаты беріледі. Ал то­лық емес жиынтықтағы ком­байн­ға қарастырылған сертификат құны – 1,5 млн теңге. Сон­дай-ақ толық жиынтыққа жата­тын тракторлар үшін жеңіл­дік сер­ти­фикатының мөлшері – 1 млн теңге. Толық емес жиын­тықтағы машиналарға (шынжыр табанды немесе дөңгелекті) 560 мың теңгенің сертификаты беріледі.

Тозығы жеткен ауылшару­шы­лық техникасын утилиза­цияға тапсыру үшін «ӨКМ Опе­ра­торының» ресми сайтына (www.recycle.kz) кіріп, кезекті алдын ала брондауға өтінім беру қажет.

Тозығы жеткен аграрлық тех­ни­каны қайта өңдеуге қабыл­дау бағдарламасы еліміз­дегі ес­кірген ауыл шаруашы­лы­ғы техникасын жаңартуға мүм­кіндік бере­ді. Сонымен қатар эко­логиялық таза көлік құралдарын өндіруді ынта­ландыруға және қайта өңдеу жүйесін құруға ықпал етеді.