Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021

Қостанай облысында 5 кило есірткі тәркіленді

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақтағы қылмыстың алдын алу мақсатында өткен ауқымды жедел іздестіру шаралары  барысында  облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Әулиекөл ауданында ірі көлемде есірткі сақтаған 47 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында 5 кило есірткі тәркіленді

Күдіктіден гашиш есірткісі салынған  екі пластикалық бөтелке тәркіленіп алынды.

- Тінту барысында күдіктіден скотчпен оралған картон қорап алынды. Оның ішінен сары полиэтилен пакетке салынған екі 5 литрлік пластик бөтелке шықты.  Бөтелкелердің ішіндегі заттың иісі бар жасыл өсімдік екені анықталды. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленіп алынған заттың жалпы салмағы 5 килодан асатын гашиш есірткісі екені анықталды.

Күдікті Әулиекөл ауданының тұрғыны, бірақ қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Бұған дейін де есірткі сақтағаны үшін сотталған. Бұл жолы 17 қаңтар күні Қостанай облысына қарасты Новоселов ауылының аумағында ұсталып отыр.

1

Қазір күдікті Қостанай қаласындағы уақытша ұстау изоляторында отыр. Полиция қылмыстық кодекстің 297-бап, 3-бөлімі бойынша тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Күдіктіден алынған есірткінің құны шамамен 2,5 млн теңге тұрады.  ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр облыс полицейлері заңсыз айналымда жүрген 473 килодан астам есірткіні тәркілеген.  

Қостанай облысы