Вакцина салдырған адамда жүрек соғысы, қышыма, бас айналу сияқты реакциялар шақыруы мүмкін. Бұл мәлімдеме Үндістан үкіметі «Жаһандық вакциналаудың үлкен бағдарламасы» деп аталатын жоспарды таныстырғаннан кейін жасалды.
Жалпы, Үндістан үкіметі екі вакцина егілетінін хабарлады. Біріншісі жоғарыда аталған жергілікті компания өнімі болса, екіншісі – Oxford университеті мен Ұлыбританияның бірлескен жобасы, AstraZeneca компаниясы жасаған вакцина.
Ал вакцина жасап отырған Bharat Biotech компаниясы вакцина құрамына қатысты ақпаратпен бөліскен жоқ. Олар вакцина егуге қатысты нұсқаулықтың болатынын ғана хабарлап отыр. Осы ретте Үндістан ауруханалары шетелдік вакцинаға басымдық беріп отырғанын айта кеткен жөн. Отандық өнімді тұтынушы медициналық орталықтар саны тым аз. Тіпті Нью-Дели ауруханаларындағы дәрігерлер Bharat Biotech вакцинасын қолданудан қорқатынын жасырмады.
Вакцинациялауға жазылған мыңдаған медицина қызметкерінің оннан бірі өткен аптада екпе жасатып үлгерді.
Бір апта бұрын жаппай егу жариялаған Үндістанда бүгінде 381 305 адам вакцина ектірген. Үндістан Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың шілдесіне қарай 300 млн адамға вакцина салып шығамыз деген жоспарын жариялады.
Алғашқы лекке кіретін дәрігер, мейіргер, вируспен күресте алғы шепте қызмет ететіндерді есептегенде 30 млн-ға жуық адам вакцина ектіреді. Үндістан науқастар саны бойынша АҚШ-тан кейінгі орында. Соңғы ақпарат бойынша бұл елде 10,5 млн азамат вирус жұқтырған.