Аймақтар • 21 Қаңтар, 2021

Ұжымға автобус тарту етті

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдағы І.Омаров атындағы облыс­тық қазақ драма театрының 20 жылдық мерейтойына орай облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өнер ордасына арнайы барып, театр ұжымын құттықтады.

Ұжымға автобус тарту етті

Қазақ театры 2000 жылдың 14 қыркүйегінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаты­суымен ашылған болатын.

Архимед Мұхамбетов пен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов театр жанындағы музейге арнайы кірді. Мұнда театр тарихына қатысты құнды экспонаттар сақталған.

– Осы уақыт ішінде театрдың шығар­машылық ұжымы көрермендерін мазмұнды репертуарымен қуантып келеді. Әр жылдары республикалық, халықаралық фестивальдерге қатысып, ел аума­ғында және шетелдерде гастрольдік сапарлармен аралап қайтты. Театр ұжымына алдағы уақытта да зор шығармашылық табыстар тілеймін! – деді театр әртістерімен кездескен аймақ басшысы.

Кездесу барысында облыс басшысы театр әртістері Мейрам Жапаров, Бақытжан Таңат­­қанұлы, Олжас Бегайдаров, Азамат Шү­кеев, Гүлнар Шаймердиноваларға «Мә­дениет са­ласының үздігі» төсбелгісін, Мар­ғайша Сабыр­жа­новаға «Еңбек ардагері» медалін, Шахарбану Есенғұловаға Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасын, Мөлдір Құбаш, Нұрлыбек Кенжеахметов, Бахыткүл Хамитқызы сынды жас әртістерге Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатын табыс етті. Театрдың бірнеше қыз­мет­кері облыс әкімінің грамотасымен наградталды.

Салтанатты жиында облыс әкімі театр басшысына аудандарға гастрольдік сапарға жиі шығып тұруды тілек етіп, автобус сертификатын ұстатты.

 

Қостанай облысы

 

Соңғы жаңалықтар