«Асель К.Робертс 2021 жылы 20 қаңтарда АҚШ президентінің протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы болып бекітілді. Хаттама бастығы кеңсесінде 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар оның кеңседегі соңғы қызметі аға кеңесші. Робертс ханым Georgetown Университетінің Эдмунд Уолш атындағы Сыртқы қызмет мектебін Халықаралық құқық және ұйымдар бойынша ғылым бакалавры дәрежесімен бітірді. Ол орыс, қазақ және жапон тілдерін біледі» - делінген АҚШ мемлекеттік департаменті таратқан ақпаратта.
Әсел 1976 жылы Алматыда дүниеге келген.1993 жылы бойжеткен Әсел Georgetown университетіне оқуға түсіп, сәтті аяқтап шыққан. АҚШ президенті протоколында 10 жылдан бері жұмыс істеп келген. Қазақ, орыс және жапон тілін меңгерген. Шон Робертс есімді шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан.
Шон Робертстің де Қазақстастанмен ортақ байланыстары бар. Сонау 90-шы жылдардың аяғында ол Орталық Азия аймағында USAID бағдарламасы бойынша жұмыс істеген. 2006 жылы Джорджтаун университетіне түсіп, Орталық Азия жайлы егжей-тегжейлі оқыған. Ол орыс тілі мен тарихын зерттеп, оқыған. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, ол бертіндері Джордж Вашингтон университетінің қауымдастырылған профессоры және Халықаралық дамуды зерттеу департаментінің директоры болып жұмыс істеген.
Ал Әсел хаттамамен ұзақ уақыт жұмыс істеген көрінеді. FederalPay.org мемлекеттік қызметшілеріне арналған ресурста оның АҚШ мемлекеттік қызметінде 2008 жылдан бері жүргені көрсетілген.
Мысалы, ол Барак Обамамен де жұмыс істеген. Бұған Германия канцлерінің Instagram-дағы 2016 жылғы жазбасы дәлел бола алады.
Әсел Робертс ендігіде АҚШ мемлекеттік департаментінде протокол қызметін басқаратын болады.