Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021

Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр

239 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, қала әкімінің тапсырмаларын орындау барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы хабарлады.

Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр

Бостандық ауданы – бұл Алматы қаласының ірі әкімшілік, мәдени орталығы.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қаланы «Шетсіз қала» қағидасы бойынша дамыту тапсырмасына сәйкес «Алматы - 2050» даму стратегиясы бекітілді. Бұл стратегиялық құжат ең алдымен қаланың өзекті мәселелерін шешуді және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуды көздейді.

«Біздің алдымызда Алатау, Ерменсай, Нұрлытау, Жайлау, Көкшоқы, Алмарасан ауылдарына, Қарғалы ауылының бір бөлігі қосылған шағын аудандарды дамыту міндеті тұр. Бірінші кезекте, бұл коммуналдық мәселелерді шешу, көшені жарықтандыру, көлік инфрақұрылымын дамыту. Жаяу жүргіншілер үшін жайлы орта құру және көшелер мен скверлерді абаттандыру», - деп атап өтті Алтай Рахымбетов.

Өткен жылы Бостандық ауданы бойынша: сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту – 3,4 км, жылумен жабдықтау – 515 п.м; сондай-ақ 2,9 км электр желілері салынды, «Алмагүл» ПС-110/10 - 10 кВ учаскесінде қосалқы станция мен электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы басталды, жобаның сомасы-8,6 млрд. тг., ұзындығы - 4,8 км. Алматы қаласына қосылған елді мекендерді электрмен жабдықтау желілерін дамыту. "Каскад" ПС-110/35-10кВ құрылысы және қолданыстағы №99А "Жайлау" ПС-110/10 кВ демонтаж жүргізу «Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлытау» шағын ауданында Ерменсай тазарту құрылыстарын салуға ЖСҚ әзірленуде. Өнімділігі тәулігіне 9000 текше метр (жоба мемлекеттік сараптамадан өту сатысында). «Нұрлытау» шағын ауданында ұзындығы 42 шақырым болатын сумен жабдықтау және су бұру құрылысына ЖСҚ әзірленуде», - деді аудан әкімі. Жұмыстар аяқталғаннан кейін сумен жабдықтау жүйелерімен 4 мың үй қамтылады.

Өткен жылы Әуезов көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі іргелес аумақты қамти отырып, Ғабдуллин көшесінің жаяу жүргіншілер аймағына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды ("РСП Эталон"ЖШС).

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Мұстафа Өзтүрік көшесіндегі саябақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қалалық Басқармалар желісі бойынша ауданда келесі жұмыс түрлері жүргізілуде:

Тұңғыш Президент саябағындағы субұрқақты күрделі жөндеуден өткізу. Жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылға жоспарланған. Достық саябағын қайта құру (Тимирязев көшесі мен Шашкин көшесінің қиылысы). Жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылға жоспарланған. «2020 жылы ұзындығы 25,7 км болатын 59 көше мен 1 көлік айрығына орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай - ақ 3,8 км тротуар жөнделді және 13 000 шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жүргізілді», - деді спикер. Газдандыру бойынша жекелеген жұмыстар жүргізілуде. «Бүгінгі таңда ауданды 100% газбен қамтамасыз ету міндеті тұр. Ауданда газ құбыры желілерінің ұзындығы 449 км. Өткен жылы 128 жекеменшік үй газдандырылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 6 азамат табиғи газға қосылды. Жұмыстар жалғасуда», - деп атап өтті аудан әкімі.


АЛМАТЫ