Аймақтар • 25 Қаңтар, 2021

Қазақстанда ұрлықты азайту үшін «көршілік бақылау» енгізіледі

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда меншік қауіпсіздігін қамтамасыздандыру мақсатында жеке қауіпсіздік құрылымдары мен «көршілік қадағалау» жүйесі қарастырылады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда ұрлықты азайту үшін «көршілік бақылау» енгізіледі

- 2021-2023 жылдарға арналған меншікті қорғау бағдарламасы бекітілді. Ол азаматтардың тұрғын үйі мен мүлкін қорғауға жеке қауіпсіздік құрылымдарын белсенді тартуды, «көршілік қадағалауды» енгізуді, зардап шеккендерге келтірілген зиянның орнын толтыру үшін мүліктік сақтандыруды, сондай-ақ дабыл жүйесін қолдануды көздейді, деді Нұрділдә Ораз.

Ол ұрлық қылмыстың кең таралған түрі болғандықтан полиция бұл бағытта белсенді жұмысын жалғастыратынын еске салды.

Сонымен қатар брифингте пандемия кезінде онлайн-қызметтердің кеңеюімен интернет-алаяқтықтың өсуі көп байқалғаны туралы да мәлімет айтылды. ІІМ өкілінің айтуынша, осындай қылмыстарға қарсы да шара көрілмек. Ол үшін арнайы бағдарлама әзірленген.

Аида ОРАЛБЕК

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше