Аймақтар • 25 Қаңтар, 2021

Көлік апаты.. Ақтөбеде екі адам қаза тапты

659 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақтөбе-Астрахань» тасжолында жол апаты болды. Апат салдарынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Көлік апаты.. Ақтөбеде екі адам қаза тапты

«Ларгус» пен «Ниссан» маркалы автокөлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

«Ниссан» көлігінің жүргізушісі мен «Ларгустың» екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық полиция департаменті жол қозғалысы ережесін сақтауға, жолда абай болуға, арақашықтықты сақтауға шақырады», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Аида ОРАЛБЕК