Қаржы • 26 Қаңтар, 2021

Қоршаған ортаны қорғайтын кәсіпкерлікке қаржы алады

169 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ауыл тұрғындары Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтауға септігін тигізетін кәсіпті дамыту үшін несие алады.

Қоршаған ортаны қорғайтын кәсіпкерлікке қаржы алады

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «ЕQ»

 

БҰҰ Даму бағдарламасы Экология, гео­логия және табиғи ресурстар ми­нистр­лігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен және Ауыл шаруашылығын қаржылай қол­дау қорымен бірлесіп, 2020-2024 жыл­­дарға арналған «Эко-даму» несиелеу бағ­­дар­ламасының екінші кезеңін іске қосты.

Бағдарлама экожүйелердің сақ­талуына ықпал ететін кәсіпкерлікті бастау немесе одан әрі дамыту үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жақын тұратын Қазақстанның ауыл тұрғындарын қолдауға бағытталған. Кәсіп­керліктің бұл түріне экотуризм, орман шаруашылығы, балық аулау, аңшылық және жайылымдық шаруа­шылық, құс шаруашылығы, қоян өсіру және ара шаруашылығы жатады. Жобалары іріктеу өлшемдеріне сәйкес келетін ауыл кәсіпкерлері 4,5 жылға дейін жылдық көрсеткіші 6%-ды құрайтын несие ала алады, сонымен қатар тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6,7%-дан аспауы тиіс.

«Эко-даму» бағдарламасының екінші кезеңі Қазақстанның 12 облысын, 770 ауылдық елді мекенін және 28 ерекше қорғалатын табиғи аумағын қамтиды. Бағдарламаның жалпы бюджеті 275,3 млн теңгені құрайды.

«Эко-даму» бағдарламасы ауыл тұрғындарына мал шаруашылығын, омарта шаруашылығын, өсімдік ша­руа­шылығын, туристік бизнесті дамытуға несие беру арқылы бағдар­ламаның іске асырылуының бірінші кезеңінде өз тиімділігін дәлелдеді. Бұл бастама еліміздің биоалуантүрлілігі мен экожүйесін сақтай отырып, жергілікті дамуды қол­дауға, жаңа жұмыс орындарын құруға тамаша мүмкіндік береді деп сенеміз», деді БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақ­стан­дағы тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Бағдарламаның негізгі басымдық­тарының қатарында гендерлік теңдікке қолдау көрсету және әйелдердің эконо­микалық мүмкіндіктерін кеңейту­ді айтуға болады. Осылайша, бағдар­ламаның бірінші кезеңінде ауылдарда тұратын 30 әйел өз кәсібін дамыту үшін қаржы алып үлгерді.

Бұл бағдарлама БҰҰ ДБ мен қордың бірлескен төртінші бастамасы болып саналады. 2008 жылдан бастап барлығы жалпы сомасы 561,6 млн теңгені құрайтын 221 жоба іске асырылды, оның ішінде 345 млн теңгені БҰҰ ДБ-ҒЭҚ гранттық қаржыландыруды құрайды. «Эко-даму» сияқты бағ­дарламалар ауыл тұрғындарына өздерінің кішігірім кәсіптерін ашып, дамытуға, сонымен қатар қоршаған ортаға зиян келтірместен жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», деді қор төрағасы Жандар Омаров.