Аймақтар • 26 Қаңтар, 2021

Байғабылда су мұнарасы құлап қалды

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Байғабыл ауылында су мұнарасы құлап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Байғабылда су мұнарасы құлап қалды

Осыдан 6 жыл бұрын «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша жалпы құны 176,5 млн теңге қаржыға 4 жарым шақырым жерден құбыр тартылып, ауылға ауыз су тарататын биік су мұнарасы орнатылған болатын. Тұщы су торабы жеті жылға жетпей белінен майырылып, жуан басын жерге иіп, қар жастанып қалды. Ауылға су құбырын турту жұмыстарын «GSM Capital Group» және  «Строитель–2003» деп аталатын екі серіктестік орындаған.

Ауыл әкімі Асхат Зейнолдин 24-ші қаңтар күні құлаған құбыр туралы  тиісті мекемелерге хабар жіберген.

– Әрине, өкінішті жағдай. Бірақ әлеуметтік желіге тарап кеткен «Құбыр қирап, ауыл ауыз сусыз қалады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ауылға ауыз су уақыт кестесі бойынша беріліп отыр. Әзірге тұрғындар бұрынғыдай тәулік бойы су ала алмайды. Құлаған мұнараның жағдайы арнайы сараптамадан соң белгілі болады. Тиісті мекемелерге, мердігер ұйымға хабарластық. Облыстан мамандар шақыртылды. Апаттың нақты себебін сол кісілер айтады. Ең бастысы, қазір ауыл ауыз сусыз отырған жоқ, – деді ауыл әкімі.