Қоғам • 27 Қаңтар, 2021

Ақтөбелік полицей баспанасыз қалған әжені өз қамқорлығына алды

667 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

80 жастағы қарт ананы туған немересі қуып шыққан. Оның баратын жері болмағандықтан, учаскелік полицей өз қамқорлығына алған, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбелік полицей баспанасыз қалған әжені өз қамқорлығына алды

Дастан Сұлтанғалиев есімді полиция қызметкері әженің қайғысынан шет қала алмады. Ол өзінің кішкентай пәтері мен көп балалы отбасынан қарт анаға орын тапты.


Людмила Эммануиловна бұрынғы өмірін көз жасымен еске алады. Немересі оның пәтерін сатып, барлық ақшаны нәтижесіз бизнеске салған. Сол себепті, отбасында ақшаға байланысты жанжалдар жиі туындаған.


Дастан Сұлтанғалиев учаскелік инспектор болып бес жыл жұмыс істейді. Полицей ең алдымен әжені үйіне қайтарып, немересімен сөйлесуге тырысқан, бірақ олар қарт әйелді пәтерге кіргізуден бас тартты. Нәтижесінде, учаскелік полиция қызметкері жалғыз басты зейнеткерді үйіне алып келген.


Белгілі болғандай, зейнеткер учаскелік инспектордың отбасында 2 айдан бері тұрып жатыр. Айта кетсек, полицейдің төрт баласы бар. Үлкен отбасы бір бөлмелі пәтерде тұрады.


Қазіргі уақытта әженің тағдыры қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қарастырылып жатыр.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ