«23 қаңтар күні сағат 15:29-да Арқалық қаласының ТЖ бөліміне қоңырау шалған кездейсоқ жолаушы жылу электр орталығы маңындағы техникалық құдыққа жылқы құлап кеткенін хабарлады. Құтқарушылар оқиға орнына сағат 15:36-да жетті. Мал иесі де құдық басында жүр екен. Құтқарушылар мен тұрғындар әбден әлсіреп қимылдан қалған жылқының мойнына арқан лақтырып, алдыңғы аяқтарын орап, жануарды құдықтан шығарды. Абырой болғанда, жылқы аман, сұлқ түскен қалпы сәл жатты да, күш жинап алған соң, үйіріне қарай кетті», деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қостанай облысы