Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021

Қостанайда E-Commerce орталығы ашылды

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласындағы  «Қазпочта» филиалында «E-Commerce» орталығы жұмыс істей бастады.  Электрондық коммерция орталығының ашылу рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.  

Қостанайда E-Commerce орталығы ашылды

Жаңа орталық өз өнімдерін оффлайн нарықтан онлайн нарыққа көшіріп жатқан шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуді көздейді.

«Пандемияға байланысты орын алып жатқан шектеу шаралары жағдайында электрондық сауданы дамыту маңызды. Қазір қоғамдық тамақтану нысандарының көпшілігі әлеуметтік желілердегі электрондық сауда сегментіне көшті. Супермаркеттер мен тұрмыстық техника дүкендері де өз тауарларын интернет-дүкендер арқылы саудаға ұсынуда. Сондай-ақ, мұнда әлеуметтік карта бар. Бұл картаны әлеуметтік мәртебесіне, жас ерекшелігіне қарамай облыс тұрғындарының бәрі бірдей пайдалана алады», - деді аймақ басшысы.

Е-Сommerce орталығы алдағы уақытта электрондық коммерция  саласына қатысты семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.

 

Қостанай облысы