Спорт • 28 Қаңтар, 2021

Қуат Хамитов соттағы соңғы сөзін айтты

591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Қуат Хамитовтың сот процесі әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қуат Хамитов соттағы соңғы сөзін айтты

«Құрметті сот, мен үшін ең маңызды мәселе шетелге шығуға мүмкіндігімнің болуы. Себебі мен елімнің намысын қорғап жүрмін. Жазам қандай болса да, көнемін. Тек шетелге шыға алсам болды. Менің алға қойған мақсатым көп», деп соңғы сөзін айтты.

Сот үкімі бүгін сағат 14:30-да жарияланады.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қыркүйек айында ММА ұйымында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Қуат Хамитов әлеуметтік желілердегі зорлық-зомбылыққа шақырған видеосына байланысты Алматы Полиция департаментіне жеткізілген болатын.

Ол ҚР ҚК 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдікке ілінген (Билік өкілдерінің заңды талаптарына және жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді бағынбауға шақыру, не жаппай тәртіпсіздіктерге арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру).

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ

Соңғы жаңалықтар

Өнертабысқа өріс кең

Аймақтар • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше

Ең құнды жәдігер

Жәдігер • Кеше

Алғашқы өлең

Әдебиет • 08 Қараша, 2024

Жас ақындар жинағы

Аймақтар • 08 Қараша, 2024

Қыс мінезін көрсетті

Аймақтар • 08 Қараша, 2024

«Көрім» көз (Монолог)

Сатира • 08 Қараша, 2024

Тойдан тамаша тәбәрік

Қоғам • 08 Қараша, 2024

30 қауіпті Telegram-арна бұғатталды

Қоғам • 08 Қараша, 2024