Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021

Адасып кеткен балықшыларды полиция құтқарды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Сарыкөл ауданында жергілікті полицейлер қарлы боранда адасып кеткен екі балықшыны құтқарып қалды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Адасып кеткен балықшыларды полиция құтқарды

Сарыкөлге қармақ салуға келген қос балықшы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болып шықты. 

«28 қаңтарда түнгі сағат үш шамасында адасып кеткен балықшылардың бірі аудандық полиция бөліміне хабарласып, көмек сұрады. 27 қаңтар күні кешке таман ауа райы бұзылып, боран көтеріліп кетті. Ақ түтектің астында қалған балықшылар кері қайтпақ болғанымен, жол таба алмай қалыпты.  Қырсыққанда көліктері де сынып қалған», деп мәлімдеді облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі.   

Сол түні кезекшілікте отырған капитан Жасұлан Сұлтанов пен майор Жанат Есмағамбетов хабар түсісімен «ГАЗ 66» автокөлігіне мініп, Сарыкөлге бет түзейді. Көлдің қақ ортасында тұрған жеңіл көлікке қарай жүрген іздеушілерді әбден тоңып қалған қос балықшы күтіп алады.

Полицейлер балықшылардың істен шыққан «ВАЗ 21214» көлігін аудан орталығындағы жылы боксқа сүйреп апарып, өздерін полиция бөліміне паналатқан.